Атырауға Грузияның Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді

Атырау облысының жедел штабы
Фото: Атырау облысының жедел штабы

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауға су тасқынына байланысты Грузияның Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді.

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Боржоми қаласының муниципалитеті Атырауға «Боржоми» минералды суының 3 мың бөтелкесін гуманитарлық көмек ретінде жіберген.

«Өткен жылдың қыркүйек айында Боржоми мен Атырау қалалары арасында бауырластық байланыс орнатылған еді. Биылғы су тасқынына байланысты Боржоми муниципалитеті Атырауға гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдаған», - деп хабарлады жедел штабтан.

Атырауда Грузия Республикасы капиталының қатысуымен 16 кәсіпорын тіркелген. Грузиямен сыртқы сауда айналымы былтырғы қаңтар-мамырда 396,9 мың АҚШ долларына жеткен. Мұнайлы шаһардан Кутаиси бағытына аптасына 3 әуе рейсі қатынайды. Алдыңғы жылы Атырау облысынан Грузияға демалу үшін 18 мыңнан астам турист барған. 

Атырау облысының жедел штабы
Фото: Атырау облысының жедел штабы

Еске сала кетелік, бұған дейін былтырғы төрт айда 10 мыңға жуық атыраулық Грузияға саяхаттағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар