23:01, 31 Наурыз 2026 | GMT +5
Атыраулық түлек ҰБТ-дан 140 ұпай жинады
АТЫРАУ.KAZINFORM - Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11 сынып оқушысы Жазира Кеңесова наурыздағы ұлттық бірыңғай тестілеуде келген барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары балл жинаған.
Ол тестілеуге мектеп бағдарламасынан бөлек арнайы курс арқылы дайындалған. Гимназиядағы белсенді оқушылардың бірі Жазира Кеңесова «Парасат» дебат клубының президенті.
- Қаңтар ҰБТ-да 138 балл, Наурыз ҰБТ-да 140 балл жинады. Қазақ тілі және әдебиетіне деген қызығушылығының арқасында сол комбинацияны таңдап, болашақта қазақ тілі және әдебиетінің маманы, филолог болғысы келеді,-деп пікір білдірді оқу ордасының басшылығы.
Осыған дейін семейлік оқушы Ерасыл Сайлауовтың Наурыз ҰБТ-дан 140 балл алғанын жазған едік.