«Атыс тоқтамайды»: Израиль бітімге келу туралы ұсынысты қабылдамады
АСТАНА.KAZINFORM - Израиль сәрсенбі күнгі АҚШ пен Еуропалық Одақтың ауқымды соғыстың алдын алу үшін атысты үш аптаға тоқтатып, "Хезболламен" бітімге келу туралы ұсынысын қабылдамады, деп жазады ВВС.
Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль әскеріне «толық күшпен» соғысуды жалғастыруды бұйырды және кешегі атысты тоқтату туралы үндеуді жауапсыз қалдырды.
Сәрсенбі күні 11 ел мен Еуропалық одақ бірлескен мәлімдеме жасап, Израиль мен «Хезболланы» үш апталық бітім жариялауға және осы уақыт ішінде қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырды.
Өтінішке АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия, Жапония, Канада, Аустралия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Еуропа Одағы қол қойды.
Бұл ұсынысқа Нетаньяху кеңсесі: «Атысты тоқтату туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Бұл премьер-министр тіпті жауап та қайырмайтын америкалық-француздық ұсыныс», -деп жауап берді.
«Премьер-министр Израилге қарсы күресті толық күшпен және оған ұсынылған жоспарларға сәйкес жалғастыруды бұйырды. Сонымен қатар, Газадағы шайқас барлық соғыс мақсаттарына қол жеткізгенше жалғасады», — деді Нетаньяху кеңсесі.
Израильдің Сыртқы істер министрі Исраэль Катц кейінірек «солтүстікте атыс тоқтатылмайды» деп түсіндірді.
«Біз Хезболла террористік ұйымына қарсы күресті жеңіске жеткенше және Солтүстік тұрғындары үйлеріне қауіпсіз оралғанға дейін жалғастырамыз», — деді Катц Х әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде.
Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бейсенбіде Израильдің Ливандағы әуе шабуылдарынан 26 адам қаза тапты, олардың 19-ы елдің солтүстік-шығыс аймағында жүрген сириялықтар.
Бұған дейін Израиль әскери күштері Ливаннан ел аумағы арқылы 45-ке жуық зымыран атылғанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ пен оның одақтастары Израиль мен «Хезболла» арасындағы атысты 21 күнге тоқтатуға шақырған болатын.