Атқарушы билік жаңғыртудан өз мүддесін көретін әлеуметтік топ құруға атсалысуы қажет - Қ.Көшербаев

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Атқарушы билік жаңғыртудан өз мүддесін көретін әлеуметтік топ құруға атсалысуы қажет.
None
None

Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан «Әлеуметтік қауіпсіздік және БАҚ» тақырыбындағы семинар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев айтты.

«Біздерге жаңғыртудан, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан да өзіне қатысты тікелей мүддені көретін әлеуметтік топ қажет. Ал атқарушы билік мұндай топтардың пайда болуын күтпеуі керек, керісінше олардың қалыптасуына белсенді атсалысулары қажет», - деді ол.

Қ.Көшербаевтың пайымынша, ол үшін инновациялық бизнеске фискалды көмек көрсету, университеттердегі зерттеу жұмыстарын ынталандыру, кәсіби техникалық білім беруге, кадрларды дайындаудағы дуальды жүйеге  қолдау көрсету, жас мамандардың қызметтік мансапта көтерілуіне жағдай жасау, мемлекет, бизнес және халық үшін өзара тиімді шарттармен әлеуметтік проблемаларды шешу керек.

«Мәселен, кеңестік кезеңде жастар тұрғын үй кооперативік құрылысы бастамасы мемлекекетке де, жастарға да, құрылыс секторына да тиімді болды. Міне осындай жобаларды іздеп, табу қажет», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Айта кетейік, екікүндік семинар «Әлеуметтік-еңбек жанжалдарын жариялаудағы БАҚ рөлі», «Дағдарысты жағдайдағы медиа жұмысы - соңғы уақыт сабақтары», «Әлеуметтік-еңбек жанжалдары тұрғысында БАҚ-тың әлеуметтік-құқықтық жауапкершілігі», «Әлеуметтік жаңғырту тұрғысында медиалық тәжірибе тиімділігі» тақырыптарында өтуде.

Соңғы жаңалықтар