23:13, 11 Мамыр 2013 | GMT +5
Атмосферадағы көмірқышқыл газының деңгейі ең жоғары шегіне жетті
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Атмосферадағы көміртегі қос тотығы өлшеу тарихында алғаш рет миллионға 400 бөлшектен асты.

Бұл туралы Гавай аралдарындағы Килинг зертханасынан американдық метеорологтар мәлімдеді, деп жазады Би-Би-Си.
Көмір қышқыл газының мұндай деңгейі соңғы рет Жердің жаһандық жылынуына себеп болған 3-5 миллион жыл шамасында соңғы мұз дәуірі басталуына дейін болған көрінеді.
Американдық ғалым Чарльз Килинг Мауна-Лоа тауындағы көміртегі қос тотығы деңгейін өлшеуге 1958 жылы кіріскен екен. Сол кезде бұл деңгей миллионға 315 бөлшекті құраған.