Атом электр станциясының құрылысына қатысты Ашхабадта дауыс беру басталды

АСТАНА. KAZINFORM – 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша референдум басталған күні Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінде сайлау учаскесі ашылды. 

Ашхабад
Фото: Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі

Сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де жұмысын бастады. Қазақстандық дипломаттар мен сайлау учаскесінің мүшелері сайлау учаскесінің салтанатты ашылу рәсімін мемлекеттік әнұранының орындалуымен өткізді. 

Сайлаушылар тізімінде Түрікменстанда тұратын немесе ресми істер бойынша жүрген 81 қазақстандық бар. 

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады, одан кейін учаскелік комиссия мүшелері дауыстарды санауға кіріседі. 

Шетелде Баку, Бішкек және Ташкентте сайлау учаскелерінің қалай ашылғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар