Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы ауысты

АСТАНА. KAZINFORM — Дархан Жұматайұлы Алиақпаров Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне қарасты Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Дархан Алиақпаров
Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттік

Дархан Алиақпаров Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне қарасты Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы лауазымындағы қызметіне кірісті.

Еңбек жолын 2008 жылы Жезқазған жылу электр орталығында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-інде машинист-обходчик болып бастап, станция ауысымының бастығына дейінгі қызмет сатыларынан өтті.

2014 жылдан бастап атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау жүйесінде қызмет атқарып келеді. Астана қаласы бойынша аумақтық департаментте бас маманнан бастап, департамент басшысының орынбасары және басшысы лауазымдарына дейін түрлі қызметтерді атқарды. Кейін Комитеттің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс, аумақтық бөлімшелер қызметін үйлестіру және мониторинг басқармасын басқарды.

2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Дархан Жұматайұлының жоғары білімі бар. Ол академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің (техникалық физика мамандығы), «Тұран-Астана» университетінің (құқықтану мамандығы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бизнес және басқару бағыты) түлегі.

Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар