АТР турнирі: Роджер Федерер спорттық жолында 95-ші рет жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық Роджер Федерер  Базель қаласындағы Кәсіби теннисшілер қауымдастығы турнирінің (ATP)  финалында   аргентиналық Хуана Мартина дель Потродан басым түсті.  

АТР турнирі: Роджер Федерер спорттық жолында 95-ші рет жеңімпаз атанды

Кездесу 6:7 (5:7), 6:4, 6:3 есебімен швейцариялықтың пайдасына шешілді, деп хабарлайды championat.com.

Осы жеңісінің нәтижесінде Федерер жеке жұпта 95-інші  АТР турнирінің жеңімпазы атанып, чех  Ивана Лендланың көрсеткішінен (94) басып озып, екінші орынды еншіледі. Ал мұндағы көшбасшы - америкалық Джимми Коннорс (109).