«Аттан»: Амантай қажы көпірге жазу сызғаны үшін айыппұл арқалады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Елге ерекше ұрандарымен танылған Амантай қажы жаңғыртудан өткен Сейфуллин мен Райымбек батыр көшелерінің қиылысындағы көпірде «Аттан» сөзін жазған.

«Аттан»: Амантай қажы көпірге жазу сызғаны үшін айыппұл арқалады
Фото: Видеодан алынған кадр

Оның бұл әрекетін алматылық тұрғын түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялады.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша қолданыстағы заңнама аясында қажетті шараларды жүргізгенін хабарлады.

— Құқық бұзушы қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, онымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Қаламыздың көшелерінің сақталуы мен тазалығы — баршамыздың ортақ міндетіміз екенін еске саламыз. Біз бірге әрекет ету арқылы Алматының тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, — деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, биыл шілде айында Алматы полициясы Амантай қажы Асылбекке қатысты іс қозғаған болатын.

Соңғы жаңалықтар