Аттестациядан өтпеген ішкі істер органдары қызметкерлері жұмыстан босатыла ма

Шыңғыс Алекешов
Фото: Владимир Горолевич

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер органдарының кейбір санаттағы қызметкерлері кезектен тыс аттестациядан өтпеген жағдайда оларға бірнеше мүмкіндік беріледі. Бұл туралы аталған ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлім етті.

«Аттестациялау нәтижесінде қанағаттанарлықсыз баға алған қызметкерлерге үш ұсыныс беріледі. Бірінші — лауазымын төмендету. Екінші, басқа лауазымға ауысу немесе ішкі істер органдарында басқа бағытта жұмыс істеу. Үшіншісі — жұмыстан шығару. Егер полиция қызметкері аймақтық деңгейдегі аттестаттау туралы шешіммен келіспесе, ол жоғары орталық аттестаттау комиссияға жүгінуге құқылы. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір қызметкердің сотқа жүгінуге құқығы бар», — деді Шыңғыс Алекешев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі қызметкер аттестациядан өтпеген жағдайда қайта тапсыру қарастырылмағанын айтты. 

Бұған дейін Ішкі істер органдарының кейбір қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациядан өтетіні туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар