Аттракциондағы оқыс оқиғадан 1 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Американың Огайо штатында жәрмеңкеде аттракционның бұзылуы салдарынан бір адам мерт болып, бес адам ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды NBC4i телеарнасы.

Аттракциондағы оқыс оқиғадан 1 адам мерт болды

Оқиға жәрмеңкенің ашылуы күні болды.  Полиция қызметкері Стив Мартин телеарнаға берген сұхбатында аттракцион орындықтарының біреуі «үзіліп» кеткенін мәлім етті.

Бұған қоса, жәрмеңке ұйымдастырушылары Twitter-дегі парақшасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жазды.

Жергілікті билік оқиға салдарынан 18 жастағы жеткіншек қаза тапқанын хабарлады.

Аттракцион жұмысы уақытша тоқтатылды.