Аттракциондағы жантүршігерлік оқиға: Анасы баласын құтқармақ болып жанталасқан сәт видеоға түсіп қалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Иранда Боразджандағы аттракциондардың бірінде орын алған қайғылы оқиға жайлы видео пайда болды.
Онда айналатын аттракцион кабиналарының бірі аударылып кетіп, 15 метрлік биіктіктен төрт жасар бала мен оның анасының құлап бара жатқаны анық көрінеді. 35 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Бүлдіршін ауыр жарақат алды. Оның аман қалған-қалмағаны белгісіз, деп хабарлады The Sun.