Аты аңызға айналған Пьер Карден Астанаға келмейтін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның аты аңызға айналған модельері, дизайнер әрі сәулетші Пьер Карден денсаулық жағдайына байланысты Астанаға келе алмайтын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы бүгін Пьер Карденнің мұрагері, «Pierre Cardin» мода үйінің дизайнері Родрига Базиликатти елордадағы Е.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен басқосуда хабарлады.
null 

«Менің өзім Америкадан Париж арқылы бері ұшып келдім. Парижде ағама (Пьер Карденге) амандасуды жөн көріп, бізбен бірге жүретін сапарда қолдамақ едім. Пьер Карденнің аздап шаршап қалғанын көрдім. Бәрі жақсы дегенімізбен, оған ұзақ сапар ауыр тиетін секілді. Сондықтан, осы жолы қалып қалды. Бірақ, үмітті үзбеңіздер. Ол әлі келеді», - дейді Родрига Базиликатти.
null 

Айта кетсек, Пьер Карден бұған дейін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысатыны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда атақты модельер шынымен де көрме басталарда келуді көздегенімен, жарақат алып қалуына байланысты жоспары өзгерген. Осы жолы да жоспарлағанымен, 95 жастағы модельер келе алмайтын болды.

Қыркүйектің 1-3 аралығында Пьер Карден Астанада соңғы киімдерінің коллекциясын өткізуді көздеген болатын. Коллекцияны оның мұрагері Родрига Базиликатти өткізетін болды.

Соңғы жаңалықтар