Атып түсірілген Су-24 ұшағының қаза тапқан командирі Өскемен тумасы болып шықты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Түркия мен Сирия шекарасында атып түсірілген ресейлік Су-24 ұшағының қаза тапқан командирі Олег Пешков Өскемен қаласының тумасы болып шықты.
None
None

Ол Өскеменде дүниеге келіп, жергілікті мектепте оқыған. Олегтің анасы ерте қайтыс болды, ағасы екеуін өгей әкесі тәрбиелеген. 1985 жылы мектепті тәмамдаған соң Олег Уралдағы Суворов училищесіне, содан кейін Харьковтағы жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесіне оқуға түскен.

КСРО-ның барлық ұшқыштары сияқты, ол бұрынғы Кеңес Одағының көптеген орындарында қызмет еткен. 2000-шы жыдылдардың басында Олег Анатольевич Пешковтің отбасы Қазақстаннан Ресейге қоныс аударған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бүгін оның мектептегі достары, мұғалімдері, әріптестері айтты.

Соңғы жаңалықтар