Атырау әкімдігі жол салуға және ескісін жөндеуге 1 млрд. 530 млн. теңге бөледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Атырау әкімдігі қалада жол салуға және ескісін жөндеуге 1 млрд. 530 млн. теңге қарастырып отыр.
None
None

Бұл туралы қалалық мәслихаттың 32-сессиясында Атырау әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Шыңғыс Арыстанов мәлім етті.

Оның айтуынша, былтыр игерілмей қалған қаражат «Ақбота» балалар үйін жөндеуге, қаланың санитарлық тазалауға, жаңа қоқыс жәшіктерін сатып алуға, мектептердегі өртке қарсы дабыл жүйелерін ауыстыруға, Геолог және Еркінқала елді мекендерінде саябақ құрылысын аяқтауға жұмсалады.

Сонымен қатар қалалық вокзалдың маңында Баймұханов көшесінің үстімен тағы бір жолаушылар өткелін салу көзделуде. Жалпы қалада осындай бес өткел салу жоспарланып отыр. Олар вокзал алаңының аумағында, «Академия», «Светлана» аялдамаларында, «Сауран» сауда үйінің жанынан және Исатай-Махамбет алаңында салынады. Атырау әкімдігі жол салуға және ескісін жөндеуге 1 млрд. 530 млн. теңге бөледі.

Ш.Арыстановтың сөзіне қарағанда, Атырау әкімдігі жол салуға және ескісін жөндеуге 1 млрд. 530 млн теңге бөледі. Қазіргі уақытта жол құрылысын қажет ететін аумақтар анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар