Атырау әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда облыстық әкімдіктің үш бірдей басқармасының жаңа басшылары тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілішсі.
None
None

Облыстық әкімдіктің экономика және бюджеттік  жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне 1984 жылы туған Айдар Нұралиев тағайындалды. Ол 2012-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының жетекшісінің орынбасары болған және соңғы жылдары Астанада қызмет еткен.

Бұған дейін облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына жетекшілік еткен Гүлбаршын Арыстанова сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына ауысты.

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшылығына Гүлзия Құрманова тағайындалды. Бұған дейін Гүлзия Құрманова облыстың жер қатынастары басқармасында бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар