15:00, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Атырау әкімі «Нұр Отанның» филиалында қабылдау өткізді
АТЫРАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау қаласының әкімі Сәлімжан Нақпаев «Нұр Отан» партиясының кеңсесінде қабылдау өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әкімнің қабылдауына келген азаматтардың негізгі проблемалары баспанаға қатысты болды. Адамдар өздерін толғандырып отырған сауалдарға еш жерден тұжырымды жауап ала алмай жүргендерін айтып, қынжылды. С.Нақпаев, әрбір өтініштің егжей-тегжей қаралып, адамдардың өз сауалдарына толымды жауаптар алатынын айтып сендірді. Ал бюрократиялық сөзбұйдаға салушы шенеуніктер жазаға тартылады, деді әкім.