Атырау автобустарында электронды билет жүйесі енгізіледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау автобустарында электронды билет жүйесі енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бұл жоба табыс көзін көлеңкелі айналымнан шығару және әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы тасымалдаушыларды субсидиялауға, қоғамдық көліктегі нақты жолаушылар ағынын анықтауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесі күні Атырау әкімдігі электрондық билеттеу жүйесін енгізу жөніндегі оператор «SMART-ЖКХ» ЖШС-мен және жолаушы тасымалдаушы 6 мекемемен үшжақты келісім-шартқа қол қойды.

Қоғамдық көлікте электронды билет енгізу пилоттық жобасы жолаушылар көлігінің экономикалық тиімділігін арттыру, криминогендік жағдайды жақсарту, жергілікті бюджетке қосымша салық түсімдерін арттыру және көрсетілетін қызметтердің санын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи аталған жобаның «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатынын хабарлады.

«Жоба қыркүйек айында пилоттық режимде іске асырыла бастайды. Атырау қаласы әкімдігі және «АТЫРАУ» ӘКК жергілікті филиалының қолдауымен қаладағы көлік тапшылығын жою мақсатында жаңадан 35 жолаушы тасымалдау көлігін алу жоспарланып отыр. Жаңа қоғамдық көліктер «СМАРТ ЖКХ» ЖШС электрондық билеттеу жүйесімен қамтылады», - дейді М.Қалауи.  

Соңғы жаңалықтар