10:21, 20 Қаңтар 2013 | GMT +5
«Атырау» футбол клубы қарыздары үшін Қазақстан чемпионатынан аластатылуы мүмкін
АТЫРАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - «Атырау» футбол клубы қарыздары үшін Қазақстан чемпионатынан шеттетілуі мүмкін.

Себеп - клубтың миллиондаған қарыздары, ресми емес мәліметтерге сәйкес, олар 640 млн. теңгені құрайды. Нақты осындай сандарды облыс әкімінің орынбасары, «Атырау» футбол клубының президенті Шыңғыс Мұқан республикалық телеканалдар мен газеттердің меншікті тілшілерімен болған кездесуі кезінде атап көрсетті.
Ш. Мұқан проблеманың барлығын мойындап, клубтың қарыздары жалақы, салықтар мен коммуналдық қызметтер үшін қордаланып қалғандығын айтты.
«Қазіргі уақытта бұл түйіткілді шешу жолдары қарастырылып жатыр», - деді ол.
Еске салайық, егер 9 наурыз күні жалауын көтеретін ел чемпионатының басталуына дейін клуб ойыншылар алдында жалақы қарызын өтемесе, олар ойындарға қатыстырылмайды.