Атырау қалалық сотында татуласу рәсімдерінің саны артуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қалалық сотында даулар мен басқа да жанжалды жағдайлардың медиация тәртібінде тараптардың татуласуымен аяқталған рәсімдерінің саны арта түсуде.

«2016 жылғы бірінші тоқсанда Атырау қалалық соты барлығы 1867 істі аяқтады, оның 35-і бейбіт келісім жасасумен аяқталды. 62-сі медиация тәртібінде дауларды реттеумен, 3 іс татуласу рәсімдерін қолданумен аяқталды. Сот дауы татуласу рәсімдері арқылы аяқталу тараптарды ұзақ сот үдерісінен арылтады»,  деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram