Атырау қаласы мен облыс аудандарының прокурорлары тағайындалды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласы мен аудандардың прокурорлары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Бас прокурордың бұйрығымен Атырау қаласының прокуроры болып Руслан Айтимов тағайындалды.

Руслан Өтегенұлы1981 жылы туған. Прокуратура органдарында 2004 жылдан бері жұмыс істейді.

Әр жылдары Құрманғазы ауданы және Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, Атырау облысы табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы лауазымын атқарған.

Ал 2019 жылдың тамызынан Исатай ауданының прокуроры болды. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Сондай-ақ Асхат Хабиболаұлы Қасымов Атырау облысы Жылыой ауданының прокуроры болып тағайындалды. Ол 1982 жылы дүниеге келген. Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы бастаған.

Бұдан бұрын Атырау көлік прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарды. 2017 жылдың желтоқсанынан осы тағайындауға дейін Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып жұмыс істеген. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Ал Дәурен Түзелбекұлы Медетбеков Атырау облысы Исатай ауданының прокуроры қызметіне кірісті. Ол 1981 жылы туған. Прокуратура органдарындағы еңбек жолы 2004 жылы басталған.

Бұрын Жамбыл облысы Мойынқұм, Жамбыл аудандары прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының мемлекеттік органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры жұмыс істеген. Кейін Тараз қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау бөлімінің бастығы, Жамбыл облысы прокурорының табиғат қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуроры болған.

2017 жылдың қарашасынан бері Атырау облысы Жылыой ауданының прокуроры лауазымын атқарып келді.

Бас прокурордың бұйрығымен Еркебұлан Ермеков Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметіне тағайындалды.Е.Нұрымұлы 1987 жылы туған. Прокуратура органдарында 2009 жылдан қызмет етеді.

Қызмет жолында Қызылқоға ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, орынбасары, Атырау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі болып жұмыс істеген. Осы тағайындауға дейін Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары лауазымын атқарып келді. Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының соттарына жаңа төрағалар тағайындалғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар