Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырынан 30 тонна мұнай ұрланды

АТЫРАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының Мақат ауданында полиция қызметкерлері Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырынан ұрланған 30 тонна шикі мұнайды әкетіп бара жатқан көлікті ұстады.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, мұнай тиелген МАЗ автомашинасы Мақат-Доссор жолымен кетіп бара жатқан. Тексеру кезінде мұнайға байланысты құжаттар жоқ болып шығады да, Өзбекстан азаматы айдап бара жатқан көлік ұсталады. Тексеру барысында мұнайдың Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырынан ұрланғаны анықталады.

«Анықталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер көліктің иесін, сондай-ақ мұнайдың қалай ұрланғанын және оның қайда апарылмақ болғанын анықтауда», деп хабарлады Г.Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар