Атырау мамандандырылған ХҚО шетелдік көліктерді тіркеуге байланысты күшейтілген жұмыс режіміне өтті

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырау мамандандырылған ХҚО күшейтілген жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау мамандандырылған ХҚО шетелдік көліктерді тіркеуге байланысты күшейтілген жұмыс режіміне өтті

«Бүгіннен бастап Атырау мамандандырылған ХҚО күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Егер жай күндері ХҚО-да 30 адам жұмыс істесе, енді 40 адам жұмыс істейтін болады. Бұл шетелдік нөмірі бар көліктерді тіркеумен байланысты болып отыр. Енді мамандандырылған ХҚО аптасына 6 күн емес, демалыссыз сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істейді. Мұндай жұмыс кестесі 29 ақпанға дейін болады», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мемлекеттік корпорациясының Атырау облыстық бөлімінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығали.


Автор: А. Соколов