Атырау мен Ақтөбеде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау мен Ақтөбе облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атырау мен Ақтөбеде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 сәуірде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғып, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысқан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысқан желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

21 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Сол күні күндіз Аққтөбе қаласында найзағай жарқылдайды, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 16 м/с күтіледі.