14:45, 12 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырау МӨЗ кәсіпорындағы қайта құру жұмыстары қайта өңдеудің тереңдігін кем дегенде 80 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді
АТЫРАУ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау МӨЗ-да 2010 жылдың қорытындысы бойынша шикізатты өңдеу тереңдігі 50,4 пайызға артты. 2009 жылы бұл көрсеткіш 49,94 пайыз болған еді.
АМӨЗ баспасөз хатшысы Елена Есенова хабарлағандай, барлығы кәсіпорында 2010 жылы 4 млн. 300 мың тонна мұнай өндірілді. Одан 590 мың тонна көлік бензині, 1 млн. 280 мың дизельді жағармай алынды.
Жалпы алғанда ақшыл мұнай өнімдерін таңдау 42,5 пайызды құрады. Бұл Қазақстанда жұмыс істеп жатқан мұнай өндіруші кәсіпорындардың арасында ең төменгі көрсеткіш. Оның себебі 1945 жылы салынған зауыттың жабдықтарының тозып кетуінде. Қазіргі уақытта кәсіпорында қайта құру жұмыстары басталды, ол қайта өңдеудің тереңдігін кем дегенде 80 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.