20:12, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырау мұнай өңдеу зауыты 2010 жылы 4,316 миллион тонна мұнай өңдеді
АТЫРАУ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау мұнай өңдеу зауыты 2010 жылы 4,316 миллион тонна мұнай өңдеді, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 9,2 пайызға көп.
Кәсіпорын өткен жылы 600,8 мың тонна бензин өндірді, оның 37 пайызы - жоғары октанды бензин. Сондай-ақ 0,4 мың тонна Супер-98 бензині, 18,1 мың тонна АИ-95 маркалы бензині, 203,5 мың тонна АИ-92 бензині өндірілді.
Аи-80 маркалы бензиннен тұтынушыларға 378,8 мың тонна жөнелтілген. Зауыт сонымен қатар дизельдік отын, уайт-спирит, ТС-1 отынын, пеш отынын, мазут, вакуум газойлын, кокс өндірді.