Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлік департамент мамандары Атырау облыстық прокуратурасының басшылығымен бірге «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметіне тексеру жүргізген.

«Тексеру кезінде 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде АМӨЗ үстем жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады. Осыған байланысты тексеру қорытындысы іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облыстық прокуратураға жіберілді. Өңірлік прокуратура ҚР Қылмыстық Кодексінің 221-бабымен (Монополистік қызмет) «АМӨЗ» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастап, 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу дерегімен Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды», -деп хабарлады өңірлік ведомстводан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында зиянды заттар шығарындыларының 277 көзі барын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар