Атырау мұнай өңдеу зауытында хош иісті көмірсутегі шығаратын кешеннің құрылысы басталды

АТЫРАУ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды барынша өңдеу кешенінің құрылысы басталды.
None
None

Қытайлық «Синопек Инжиниринг» компаниясы жүзеге асыратын жобаның құны - 1,65 млрд. доллар. Хош иісті көмірсутегі кешенінің құрылысы өз ішінде өзін-өзі басқаратын бірнеше жобалардан тұрады.

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Талғат Байтазиевтің айтуынша, жоба хош иісті көмірсутегі өндірісін қамтамасыз ете отыра, экологиялық жағынан таза бензин өндіруге де мүмкіндік береді. «Бүгінде тұрғындар автокөліктерден шығатын газдармен бірге жұтып жүрген канцерогенді заттар ендігі уақытта мұнай химиясы шикізаты ретінде бөлініп алынады. Хош иісті көмірсутегін өндірудің кестесі өте үйлесімді болғандықтан, ол жоғары октанды бензин өндіріп, жылына 133 мың тоннаға дейін бензол мен 195 мың тоннаға дейін параксилол алуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар