Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеуден соң тәулігіне 400 тоннаға дейін газ өндіріледі

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеуден соң тәулігіне 400 тоннаға дейін газ өндіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, өнім өндіруге қатысты өндірістік бағдарлама ай сайын жасақталады.

«Зауытта жүргізіліп жатқан жоспарлы алдын алу, жөндеу жұмыстарын ескере отырып, жасақталған өндірістік бағдарламаға сәйкес, 1-8 қараша аралығындағы сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 427 тоннаны құрады. Ал, 9 қарашадағы көрсеткіш бойынша 640 тонна сұйытылған мұнай газы өндіріліп, тұтынушыға жөнелтілді. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 212 тоннаға артық.

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемін арттыру жөндеу жұмыстары кезінде облыста газ дефицитін болдырмау үшін жасалған. Бұған қосымша облысты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін 9 қарашадан бастап «ПХСНГ» ЖШС-да қазан айынан бері зауыттың техникалық қажеттіліктері үшін сақтаулы тұрған 270 тонна СМГ жөнелтіле бастады. Қазан-қараша айына жоспарланған газ өндіру көлемі жөнінде «АМӨЗ» ЖШС жөндеу жұмыстары басталмас бұрын Энергетика министрлігі мен Атырау қаласының әкімдігіне ресми түрде хабарлады», -деп зауыттың ақпарат таратты баспасөз қызметі.

Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы алдын алу, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін сұйытылған мұнай газын өндіру көлемін тәулігіне 350-400 тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында автогаз тапшылығының туындау себебі айтылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар