Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт құбырдағы тетіктен тұтанған - кәсіпорын басшысы

АТЫРАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт құбырдағы тетіктен тұтанған.
None
None

Бұл жөнінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Қайрат Оразбаев хабарлады.

Оның айтуынша, қазір зауыт аумағында құбырлардың бірінен жоғары қысыммен атқылаған мұнай өнімдері жанып жатыр.

Өрт сөндірумен кәсіпорынның өрт сөндіру гарнизоны айналысуда. Өртті ауыздықтауға 10-нан астам өрт сөндіру бөлімшелері қатысуда.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар