Атырау мұнай өңдеу зауытының экологияға залал келтіргені дәлелденбеді
Естеріңізге сала кетелік, 2014 жылдың наурыз айындағы текесру барысында облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытына қышқыл газды жағып,қоршаған ортаны ластағаны үшін 23,7 млрд теңге көлемінде экологиялық залалды өтеу туралы ұйғарым шығарды. АМӨЗ басшылығы өз кезегінде тексеру нәтижесімен келіспейтінін, зауыт белгіленген лимиттен тыс атмосфераға залалды қышқылдар шығармайтынын,ал бүкіл қышқыл газ сұйық күкірт алуға жіберілетін алға тартты. Тәуелсіз сараптама жасау жұмысына Атырау мұнай және газ институты, «Гипрогазочистка» ААҚ,«Йокогава Электрик Казахстан» ЖШС мен Қазақ мұнай және газ институты және Башқұртстан Республикасының Мұнай-химия өңдеу институтының мамандары жұмылдырды. Нәтижесінде, экология департаменті cотта АМӨЗ-дің 693 753,1 текше метр көлемінде қышқыл газды жағу фактісіне жол бергенін дәлелдей алмады.