Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғылары іске қосылып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Қазір технологиялық қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

«Технологиялық регламенттер мен арнайы нұсқаулықтарға сәйкес пайдалану персоналы жалпы зауыттық шаруашылық нысандарын кезең-кезеңімен іске қосуды және энергия ресурстарын беруді бастады. Оның ішінде жабдықтар мен құбырлар жүйелерін үрлейтін азот компрессорларын, градиен салқындатқыш су насостарын, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматикаға арналған ауаны тексеру желісі бар. Автоматтандырылған басқару жүйелерін тексеру және баптау жалғасып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Мұнайды терең өңдеу және хош иісті заттарды өндіру кешенінің нысандарын іске қосу негізгі және қосалқы жабдықтарды тексерілген соң жүргізіледі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын электр қуатының жоқтығынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқанын хабарлаған едік.

Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, электр желісіндегі ақаудың салдарынан қондырғылардың жұмысы апаттық жағдайда тоқтатылған.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты 3 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 17:25-те жұмысын тоқтатты. Бұған «KEGOC» АҚ тарапынан электр энергиясының өшірілуі себеп болды. Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында электр энергиясының сыртқы желілерін толық қалпына келтіргенге дейін зауыттың отын желісі факелге жіберілді», - деп мәлім етті зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінен.

Кейін Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармайдың жеткілікті қоры барын айтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында отын жөнелту жалғасып жатқанын айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар