Атырау мұнай өндіру зауытының жаңа кешенін салуға 1800 қазақстандық жұмысшы тартылатын болады
Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз хатшысы Елена Есенованың айтып өткеніндей, «Синопек» атты қытайлық компаниямен жасалған келісімшарт бойынша құрылыс, монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарына қатысатын қызметкерлердің ең көбі Қазақстан азаматтары болуы керек. 2010 жылдың күзінде басталған жұмыстарға қазірдің өзінде 400-ге жуық құрылысшы білек сыбана кіріскен. 2011 жылдың соңына дейін хош иісті көмірсутек шығару кешенін салу жөніндегі жобадағы қызметкерлер саны 1500 адам болады. 2012 жылдың соңында қазақстандық қызметкерлердің қатары 1800 адамға жетеді.
Хош иісті көмірсутек шығару кешенінің құрылысы 39 айға жоспарланған. Жобаның құны - 1 млрд. 40 млн. доллар. Кешен іске қосылған соң жылына 113 мың бензол мен 496 мың параксилол шығара алады.