Атырау мұнайшылары қайырымдылық бағдарламасы бойынша 42 әлеуметтік жобаны ұсынды (ФОТО)

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы (НКОК, Солтүстік Каспий жобасының операторы) жергілікті билікке демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы бойынша қаржыландырылған 42 әлеуметтік жобаны ұсынды.
None
None

«Бұл бағдарлама өңірдің экономикалық орнықтылығын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, мәдени мұра, спорт салаларын қолдауға бағытталды», - деді НКОК компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Серік Идранов.

Шара облыстық балалар кітапханасында басталды, консорциум кітапхананы компьютерлермен, интерактивтік жабдықтармен қамтамасыз етіп, әрі қарай шара нашар еститін балаларға арналаған мектепте жалғасты. НКОК балалардың дамуына жаңа жол ашатын Монтессори сыныбын сыйға тартты. Тағы бір нысан - волейбол мен таэквандо федерациясында спортшылар жаңа жабдықтар мен киімдер алды. Мақат ауданының орталық ауруханасына медициналық жабдық берілді. Доссор кентінің балабақшасына интерактивтік жабдық, Атырау облыстық мүгедектер қоғамына компьютерлер табыс етілді. «Соңғы 16 жылда Атырау, Маңғыстау облыстарына әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға консорциум 500 млн.-нан астам АҚШ долларын бөлді, 159 жоба іске асырылды», - деп хабарлады С.Идранов.

Соңғы жаңалықтар