Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Салауат Өтеғұлұлы Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Әлемдік экономика» және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқық» мамандығымен бітірген.
Ол 2001 – 2002 жылдар аралығында Индер ауданындағы «Есбол» АҚ-да темір жонушы, 2006 – 2007 жылдары Атырау облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының бас маманы болған.
Ал, 2007 – 2009 жылдары аралығында Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік жоспарлау бөлімінде уақытша бас маман, 2009 – 2013 жылдары Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
2013 – 2019 жылдары аралығында Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы,
09.2013 – 07.2019 жылдар аралығында басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2019 – 2021 жылдары аралығында Индер ауданы әкімінің орынбасары, 2021 – 2022 жылдары Индер ауданының әкімі қызметін атқарды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында Индер ауданының әкімі тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.