Атырау облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Бұл қызметке Қанат Қадыржанұлы Әзмұқанов келді.
Жаңа басшыны ұжыммен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырды.
Қанат Әзмұқанов 2003 жылы Алматы қаласындағы Орта-Азиялық университетін - құқықтану, 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін - қаржы мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Ресей Федерациясының Астрахан мемлекеттік университетінің магистратурасын аяқтап, «құқықтану магистрі» дәрежесін алды.
2018 жылы Чехия Республикасы, Прага қаласындағы «Central Bohemia Institute of Applied Science and Management» оқу орнын Экономика және Бизнес Саласындағы Іскерлік Басқару Докторы бағдарламаларын тәмәмдап, ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолын «Жүзе» ЖШС-де заңгердің көмекшісі, кеңесші-заңгер, заңгер лауазымдарынан бастап, «Каспиан Проджект Сервисес» ЖШС директордың орынбасары, директоры, «Region Trans Com» ЖШС-де бас директор лауазымында жұмыс істеген.
2010-2012 жылдар аралығында «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі, ұйымдастыру-партиялық бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2012 жылдың маусым айынан бастап «Kaz Trans Oil-Logistik» ЖШС-де директор болған.
2013-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болған.
2016 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы, 2018 жылдын қазан айынан бастап «Region Trans Com» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық білім басқармасына жаңа басшы келген болатын.