13:56, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
Атырау облыстық соты апелляциялық алқасының төрағасы ауысты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қылмыстық істер бойынша Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасының төрағасы болып Қамбар Нұрышев тағайындалды.
«Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы 1961 жылы Гурьев (Атырау) облысында дүниеге келген. Атырау облысының қылмыстық істер бойынша сотының алқа төрағасы, судьясы болып қызмет етті. Қылмыстық істер бойынша Маңғыстау облыстық сотының алқа төрағасы, Батыс Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы және Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болды», - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.