Атырау облысы Индер ауданында бруцеллёз тіркелді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Индер ауданында бруцеллёз тіркелді, деп хабарлады   «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  Атырау облысы Индер ауданында бруцеллёз тіркелді

«Бруцеллёз сиыр, қой, ешкілерде тіркелді. Індетті барлығы 57 бас мал жұқтырған. Адамдарға еш қауіп жоқ. Етті тиісті термикалық өңдегеннен кейін тағам ретінде пайдалануға болады. Малы ауруға шалдыққан адамдар өтемақы алады», - деді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Сатыбалды Оразғалиев.

Еске салсақ, облыста бруцеллёз бен пастереллёз  өткен жылы тіркелген. Нодулярды дерматит эпидемиясы көп таралды. Олардың саны 6894-ке жетті, оның 5750 басы емделсе, 1119 сиыр өлді. Мал иелеріне өтемақыға республикалық бюджеттен 176,5 млн теңге бөлінді.