Атырау облысы Индер ауданының әкімі тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Индер ауданы активімен кездесіп, ауданның жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Президент Әкімшілігінің және Индер аудандық мәслихатының келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Индер ауданының әкімі болып Қалауи Мейірім Жоламанұлы тағайындалды», - деді Нұрлан Ноғаев.null

Мейірім Қалауи Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетін және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Мамандығы - мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері, экономика магистрі.

Еңбек жолын 2006 жылы «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасының көмекшісі қызметінен бастаған. 2010 жылы - «Тұран» ЖШС директоры, 2010-2011 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары-бас редактор болды. 2011 жылы «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы, 2012 жылы Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымын атқарды. 2016 жылдың маусым айында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2016 жылы қараша айында Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

«Мейірім Қалауидің мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Оның кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жүктелген міндеттерді атқаруға септігін тигізеді», - деді Нұрлан Ноғаев.
Облыс әкімі бұған дейін осы лауазымды атқарған Серік Арыстан Индер ауданын бес жылдан астам уақыт басқарғанын атап өтті. Аудан депутаттарымен бірлесе атқарған қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында көп жұмыстар жасалды.

«Өз атымнан Серік Бисешұлына жасаған жұмысы үшін алғыс айтамын. Ауданның қарқынды дамуында Сіздің де үлесіңіз бар», - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

null

Соңғы жаңалықтар
telegram