Атырау облысы су тасқынына дайындалуда

АТЫРАУ. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда «Көктем-2013» өңірлік командалық-штабтық оқулар өтті.
None
None

Оқудың негізгі мақсаты - алдағы көктемгі су тасқыны жағдайында болуы мүмкін қиындықтарға ТЖ бөлімшелері мен азаматтық қорғаныс жасақтарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

Оқу кезінде басты назар Жайық бойында және Каспий теңізінің жағалауында орналасқан елді мекендерге аударылды. Шартты түрде су басу аймағында қалған адамдарды қауіпсіз жерге шығару, орналастыру және көмек көрсету жоспарлары пысықталды.

Соңғы жаңалықтар