Атырау облысы тұрғындарының 67% пайызы референдумда дауыс берді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы тұрғындарының 67,68 % референдумда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, өңір 261 рефрендум учаскесі жұмыс істеді. Ал, аурухана, уақытша қамау орны, әскери бөлім секілді нысандарда 11 жабық учаске ашылған. Референдумда дауыс беру барысын 1 200 байқаушы бақылаған.

«Референдумда мүмкіндігі шектеулі адамдардың да дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалды. Учаскелік комиссиялар шешімімен арнайы топ денсаулығына және жас ерекешелігіне байланысты үйінде дауыс беруге өтініш білдірген адамдарға референдум бюллетенін жеткізіп, таңдау жасауына мүмкіндік жасады. Ал, вахталық әдіспен жұмыс беруін дауыс беруін ұйымдастыру үшін 43 учаскелік комиссия тартылды. Теңіз кен орнында еліміздің әр өңірінен вахталық әдіспен жұмыс істеуге келген адамдар үшін 15 дауыс беру пункті ашылды. Кен орнында еңбек ететін 9 мың қызметкер референдумға қатысуға өз өтініштерін берген», -деп хабарлады.

Сондай-ақ Атырау қаласындағы УГ-157/1 мекемесінің уақытша тергеу изоляторына қамалған 181 адам өз құқықтарын пайдалана отырып, дауыс берді.

«Атырау облысында референдумға қатысуға құқығы бар 396 323 адамның 67,68 % өз таңдауын жасады. Дауыс берушілер қатарында қоғам және мәдениет қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері де, қарапайым тұрғындар бар», -деп мәлім етті өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Атырау облысында 102 жастағы екі қария саяси таңдауын жасағанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар