Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті. Бұған өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының азайғаны себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте – 7 қазанда қауіпті вирустың белгісі 35 адамнан анықталған.

Оның ішінде Атырау қаласында 22, Теңіз кен орнында 4 науқас тіркеліп отыр. Ал, Қызылқоға ауданында – 3, Құрманғазыда – 2, Мақатта – 2, Исатай ауданында 2 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

«Қазір үй жағдайында ем-дом алу үшін 475 адам оқшауланды. Ал, инфекциялық стационарларда 234 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 93, №2 облыстық ауруханада – 48, аудандардағы инфекциялық стационарларда 33 адам ем қабылдауда. Сондай-ақ, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда 60 пациент ем-дом шарасын алып жатыр. Өткен тәулікте қауіпті вирустан 35 адам емделіп шықты», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар біршама

азайғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар