Атырау облысы Жылыой ауданына жаңа әкім тағайындалды

Аудандық мәслихат депутаттары Жұмабек Қаражановтың кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді.
Жұмабек Қаражанов Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі, мемлекеттік аудитор сертификаты бар.
2011-2012 жылдары «Жасұлан және Компания» ЖШС-де экономист болып жұмыс істеген. 2012-2014 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында әртүрлі лауазымды атқарған.
2014-2017 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекет бюджеттері мен активтерін бақылау жөніндегі №3 бөлімнің басшысы болған.
2017-2018 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында сапаны бақылау, ішкі аудит, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.
2018-2019 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы.
2019 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Жұмабек Қаражановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма жүктеді.