Атырау облысында 10 елді мекен жарықсыз отыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының 10 ауылында электр энергиясы әлі қосылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұған дейін Атырау облысында 38 мыңнан астам абонент жарықсыз қалғанын жазған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрманғазы ауданының 16 ауылында электр энергиясы 5 наурызда түнгі сағат 5:30-да сөнген. Бұған электр желісіндегі ақау себеп болған.

«Бүгін, 6 наурызда жергілікті уақытпен сағат 20:00-дегі мәліметке сәйкес, 5 140 абонентке электр энергиясы берілді. Ал, Теңіз, Бірлік, Сафон, Кудряшов, Көптоғай, Еңбекші, Мақаш, Ақкөл, Қиғаш және Жыланды ауылдық округтерінде ақауды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жұмысқа «Атырау-Жарық» АҚ-ның 10 бригадасы, 60-қа

жуық жұмысшы мен 23 техника тартылды», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.


Соңғы жаңалықтар