Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, «Бекіре – 2022» көктемгі іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шараның мақсаты – бекіре тұқымдас балық түрлерін заңсыз аулап, тасымалдауға жол бермеу. Кеше Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы тас жолдың бойында «Datsun» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 100 келіге жуық ​ бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған 1979 жылғы жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 2-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды», -дейді Нұрхат Оразбаев.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен тапанша тәркіленген болатын.


Соңғы жаңалықтар