Атырау облысында 2 миллионнан астам қаржыны қалтасына басқан алаяқ 5 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мақат аудандық соты алаяқтықпен айналысқан «Expo Story Kz» ЖШС-нің менеджеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қылмыстық іс-материалдарында анықталғандай, К.Ярова өзінің таныстарын М.О. мен Е.Р.-ны «Ембімұнайгаз»және«Газпорм» мекемесіне жұмысқа кіргізетін болып, сол үшін әрқайсысы 600 000 теңге беру керек екенін айтқан. Бір-екі күн өткеннен кейін «Халық Банктегі» банкомат картасына М.Т.-ға 300 000 теңге және Р.А.-ға 300 000 теңге аудартып алаяқтықпен алып кеткен.

Ақшаның қалған бөлігі 600 000 теңгені К.Ярова, олар беріп жіберген А.Н. есімді азаматтан нотариус арқылы куәландырылған қол хат негізінде алған.

Бұдан басқа, К.Ярова тағы бір А.Ж. есімді азаматты «Қайнармұнайгаз» мекемесіне жұмысқа кіргізетін болып, 1 000 000 теңге ақшасын иеленген.

Нәтижесінде жәбірленушілерге 2 200 000 тенге зиян келген.

Сотта, сотталушының бұрында осындай қылмысы үшін сотты болып, кейін рақымшылық заңы негізінде жаза өтеуден босап шыққаны анықталған.

Мақат аудандық сотының үкімімен К.Ярова Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (ескі редакцияда) 177 бабының 3 бөлігінің «Б» тармағымен айыпты деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар