14:49, 12 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырау облысында 2010 жылы 3 трлн. 59 млрд. теңгенің өнімі шығарылды
АТЫРАУ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2010 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолда бар баға бойынша 3 трлн. 59 млрд. 729 млн. теңгені құрады.
Ол 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 13,8 пайызға артық. Облыстық статистика басқармасынан хабарлағандай, тау-кен өндірісі өнеркәсібінде және карьерлерді өндіруде өндіріс 12,7 пайызға, қайта өңдеу өндірісінде - 34,8 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 19 528,1 млн. теңгені құрап отыр.