20:21, 23 Сәуір 2022 | GMT +5
Атырау облысында 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті. Ол мал іздеуге шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылқоға ауданындағы Тасшағыл ауылының тұрғыны 21 сәуірде сағат 9:00-де атпен мал іздеуге шыққан. Бірақ, оның қай бағытқа кеткені әлі белгісіз болып отыр», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Мал іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған жігіт үшінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Оны іздеу бүгін, 23 сәуірде сағат 9:45-те қайта жалғасты. Іздестіру жұмыстарына департаменттің 2 қызметкері жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен шықты.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 26 жастағы жігіт Ойыл өзеніне батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.