Атырау облысында 220 мыңға жуық адам вакцинаның екі компонентін алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Covid-19 инфекциясына қарсы вакцинаның толық компонентін 220 мыңға жуық адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 220 мыңға жуық адам вакцинаның екі компонентін алды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 7 қарашада вакцинаның І компонентін 162 атыраулық тұрғын салдырған.

«Атырау облысында биылғы 1 ақпаннан 7 қарашаға дейін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін 242 618 адам ектірді. Вакцинаның II компонентін 219 724 жергілікті тұрғын алды. Бұл - өңірдегі вакцина алушылар тізіміне енгізілген тұрғындардың үштен бірін құрап отыр», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцинаның І компонентін салдырғандар саны 241 мыңнан асқанын хабарлаған едік.