Атырау облысында 265 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 265 мың адам вакцинаның І компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, былтырғы 1 ақпаннан бері вакциналардың І компонентін салдырғандар саны 265 мың 166 адамға жеткен.

«COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың II компонентін 247 927 адам ектірді. Ал, былтырғы 20 қарашадан басталған Pfizer екпесін салғандар 5 402 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 2 790 жасөспірім, бала емізіп отырған 2 358 ана мен 254 жүкті әйел бар. Сондай-ақ, ревакциналаудан 25 673 адам өтті», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында Pfizer вакцинасын 5 304 адам салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар